USD 340.27

EUR 396.40

РУБ 5.34

ҚР ОСК қайта тағайындалған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеді

  • 275
ҚР ОСК қайта тағайындалған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жарлықтарымен тағайындалған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеді. 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында Мемлекет басшысының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі Жарлықтарымен тағайындалған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу жөніндегі ҚР ОСК отырысы өтті.

Депутат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты, Бектас Әбдіханұлы Бекназаровты, Дархан Аманұлы Кәлетаевты тіркеу туралы қаулы қабылданды.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес тіркеуден соң депутаттар қызметіне кіріседі.

Ақпарат көзі: Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі

Хабар 24 әлеуметтік желілерде