352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев: Астана тарихи шешімдер қабылданатын жаһандық орталыққа айналды

  • 288
Н.Назарбаев: Астана тарихи шешімдер қабылданатын жаһандық орталыққа айналды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың 20 жылдығына арнайы келген мәртебелі меймандармен салтанатты жиын барысында Астананың басты жетістіктеріне тоқталып өтті.

«Астана жаңа идеялар мен инновацияның әлем таныған орталығына айналды. Елордада жаһандық экономикалық дамудың өзекті мәселелерін талқылайтын Астана экономикалық форумы өткізілуде. Дүние жүзінің 100-ге жуық елінен келетін Нобель сыйлығының лауреаттары, түрлі саланың ғалымдары мен сарапшылары жыл сайын Астанада бас қосады. Астана бүгінде күллі адамзат дамуына ықпал ететін әрі тарихи шешімдер қабылданатын жаһандық орталыққа айналды», - деді Н.Назарбаев.

Еске сала кетсек, салтанатты рәсімге қатысу үшін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді. 

Салтанатты қабылдаудан түсірілген бейнематериалға сілтеме

Хабар 24 телеарнасы