352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Италия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 140

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Президенті Серджо Маттареллаға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті Италияның солтүстігіндегі Генуя қаласында автожол көпірінің опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдаған. «Қазақстан халқының және жеке өз атымнан ауыр қайғыға ортақтасып, қайтыс болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Италия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдіремін», -делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы