359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев ШҰАА Халықтық саяси консультациялық кеңесінің төрағасын қабылдады

  • 132

Парламенттің Жоғары палатасының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасындағы дербес аудандардың бірінің төрағасы Нұрлан Әбдімәжинмен кездесті.

Тараптар «Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуі» стратегиясының шеңберіндегі ынтымақтастық туралы әңгімелесті. Олардың айтуынша, жобаны жүзеге асыру арқылы екіжақты байланыс қарқыны үдей түспек. Әсіресе, бүгінде көрші мемлекеттердің түрлі ведомстволары арасындағы әріптестікті нығайтып, ортақ тәжірибе арқасында ақпарат алмасуы тиіс. Спикер сондай-ақ парламентаралық қарым-қатынасты арттыру туралы да айтты. Баршаға ортақ мәселе – лаңкестік, сепаратизм мен экстремизмге қарсы іс-қимылды бірлесе атқару бағытына баса мән берілді.

Хабар 24 телеарнасы