356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапониядағы жарыста бірінші орынды қос қазақ каратэшісі сарапқа салды

  • 262

Қазақстандық шинкиокушин шеберлері Токио төрінен олжалы оралды.

Жапония астанасында каратэден дәстүрлі «Дрим Кап», яғни «Арман Кубогы» өткен болатын. Байрақты бәсекеге 30 елден 3 мыңнан аса спортшы жиналды. Олардың арасында біздің жерлестер де бар. Батырхан Сарманов баптайтын қыз-жігіттер бірнеше дәреже бойынша үздік атанды. Әсіресе астаналық Серікбол Қырықбаевты ерекше атап өтуге болады. Ол ересектер арасында чемпион атанса, ұлттық құрама сапындағы  Айдын Нұрбосынов жастар арасында күміс жүлде еншіледі. Жарыс жеңімпаздарын Астана әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлер күтіп алды.

Серікбол Қырықбаев, жарыс жеңімпазы:

- Бұл жарыста Дархан деген жерлесіміз бар, өзіміздің Семейдің жігіті, сол екеуміз күш сынастық. Бұл жарысқа Дарханның дайындығы жақсы болды. Бүкіл жапондардың алдында екеуміз 1 мен 2-орынды бөліп алдық.

Жанболат Тоқсанбаев, жаттықтырушы:

- Осындай әлемдік деңгейдегі жарыстың финалында 2 қазақ кездеседі деп кім ойлаған. Жекпе-жектен кейін жапондардың өзі бізге келіп, таңданыстарын жеткізіп жатты. Биыл бұл дода 3200 қатысушыны жинады. Бұл өзіндік рекорд. Солардың арасынан жерлестеріміз топ жарып шыққанына өте қуанышытмыз.

 

Хабар 24 телеарнасы