363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: Франция Мессиді үйіне қайтарды

  • 266
ӘЧ-2018: Франция Мессиді үйіне қайтарды Динамо Киев

Футболдан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан алғашқы құрама белгілі болды. 

Франция құрамасы аса тартысты өткен ойында Аргентинаны 4:3 есебімен ұтты, деп жазады kaz.vesti.kz.

Қазанда өткен кездесуде Антуан Гризманн пенальтиден бірінші болып гол соғып, есеп ашты. 41-минутта Анхель Ди Мария таразы басын теңестірді. Тіпті екінші тайм басында аргентиналықтар есепте алға шықты. Габриэль Меркадоның аяғына тиген доп Уго Льорис қорғаған қақпаның торында тулады.

57-минутта Бенжамин Павар есепті қайта теңестірді. Оның шірене тепкен добын аргентиналық қақпашы Армани қайтара алмады.

Одан кейін бар болғаны 4 минут ішінде Килиан Мбаппе 2 гол соғып, дубль жасады. Франция құрамасын екі доп басымдығымен алға шығарды. Ойын аяқталар тұста Серхио Агуэро есепті бір голға қысқартқанымен, нәтижені теңестіруге уақыт жетпеді. Франция құрамасы алғаш болып ширек финалға шықты. Олар Уругвай және Португалия құрамасының қай жеңгенімен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы