352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Street Workout Challenge байқауы қорытындыланды

  • 180
Астанада Street Workout Challenge байқауы қорытындыланды

Астанада стрит-воркаут челенджі байқауының қорытындысы жарияланды. Бір жарым айға жалғасқан шараға 130-ға жуық адам қатысты.

Арасында Серік Сапиев, Қайрат Нұртас, Әділ Ахметов секілді спорт пен өнердегі  танымал тұлғалар да бар. Мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дамыту. Бастаманы іліп алып кеткендердің жас шамалары әртүрлі. Сегізден алпыс жасқа дейінгі аралықты құрайды. Салтанатты жиында стрит-воркауттан үздік деп танылғандарға арнайы диплом мен ақшалай сыйлық табыс етті. Олардың арасында сегіз жасар Ақтөбе қаласының тұрғыны Мұса Тұрғынбаев та бар. Жастығына қарамастан Мұса турникке 42 рет тартылып, қазақстандық рекордтты жаңартқан. Ол мұнымен шектеліп қалмақ емес.

Асқат Тұрғынбаев, Мұса Тұрғынбаетың әкесі:

- Тамыз айында әлемдік рекорды Гиннесіне кіруді ойлап отырмыз. Негізі қазір Украина бірінші орында тұр. Мұсадан бір жас үлкен қыз бар Князева дейтін. Сол 35 рет тартылған. Біз енді Алла қаласа 50 немесе 70 рет тартыламыз деп ойлвп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы