369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жаңа салмақ дәрежелерін бекітті

  • 174
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жаңа салмақ дәрежелерін бекітті tjk.rus4all.ru

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) атқарушы комитеті ауыр атлетика спортындағы жаңа салмақ дәрежелерін бекітті.

Сондай-ақ Токио-2020 бағдарламасындағы Олимпиада ойындарында спортшылар өнер көрсететін жеті салмақ дәрежесі мақұлданды.

Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ресми сайтында ақпарат таратылды. Белгілі болып отырғандай, ерлер ауыр атлетика спортында бұдан былай 55 келіге дейін, 61, 67, 73, 81, 89, 96, 102 және 109 келіге дейін, 109+ келіден жоғары салмақта өнер көрсететін болады. Олардың ішінде Олимпиада ойындарына:  61, 67, 73, 81, 96, 109 келіге дейінгі және 109+ келіден жоғары салмақтар енеді.

Ал әйелдер бұдан былай ауыр атлетикада 45, 49, 55, 59, 64, 71, 76, 81, 87 келіге дейінгі және 87+ келіден жоғары салмақ өз елдерінің намысын қорғай алады. Ал бұл салмақтар ішінде Олимпиада ойындарына 49, 55, 59, 64, 76, 87 келіге дейінгі және 87+ келіден жоғары салмақтар енеді.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы