359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испания футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

  • 143
Испания футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Фернандо Йерро бұл орынға әлем чемпионатының алдында ғана тағйындалып, бір айға жетер-жетпес уақыт қана жұмыс жасады.

Байрақты бәсеке барысында испандықтар топтық кезеңнен әрең шықты. Яғни, Португаля және Марокко құрамаларымен тең түсті. Ал Иран аяқдопшыларынан басым болды. Бірақ плей-офф кезеңінде Ресей құрамасын жеңе алмады. Әлем чемпионаты басталмай тұрып Испания құрамасын Хулен Лопетеги басқарған болатын. Ол аяқасты қызметінен кетіп, орнына Фернандо Йерро тағайындалған. Ал Испания құрамасын бұдан былай кім жатттықтырары әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы