Мэнни Пакьяо аргентиналық Маттиссені нокаутпен жеңді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74

Мэнни Пакьяо аргентиналық Маттиссені нокаутпен жеңді

  • 115
Мэнни Пакьяо аргентиналық Маттиссені нокаутпен жеңді

Сегіз салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяо жартылай орта салмақта WBA (regular) чемпиондық титулын жеңіп алды.

Куала-Лумпурде өткен жекпе-жекте филиппиндік боксшы қарсыласы аргентиналық Лукас Матиссенді жетінші раундта техникалық нокаутқа түсірді. Осылайша Пакьяо бір жылдық үзілістен соң шаршы алаңға жеңіспен оралды.

39 жастағы боксшы мансабындағы осымен 60-кездесуін өткізді. Оның жетуінде жеңіліс тауып, екеуінде тең түскен. Сондай-ақ Пакьяо бұл жолы 2009 жылдан бері жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтап, жеңіске жеткен.

Ал Лукас Маттиссе болса бесінші рет жеңіліске ұшырады. Ол мансабында 39 жекпе-жекте ұтқан.

prosports.kz

Хабар 24 әлеуметтік желілерде