359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы «Ұлы дала рухы» фестиваліне республика бойынша 1 мыңға жуық спортшы қатысады

  • 177

Бүгін Астанада «Ұлы дала рухы» фестивалі аясында Батыс Қазақстан облысының дарабоздарын іріктеу жарысы өтеді.

Спортшылар жамбы ату және теңге ілуден сайысқа түспек.

Назерке Әбдірахманқызы, тілші:

– Жарыс өте қызық өтіп жатыр. Спортшылардың сайысқа тыңғылықты дайындалғаны байқалып тұр. Атадан балаға мирас болған ұлттық спорт ойындарын қызықтауға жиналған халықтың санында шек жоқ. Осы доданы өз көзімен тамашалау үшін арнайы батыс өңірінен елордаға ат терлетіп келген қонақтар да аз емес. Шыны керек, «Қазанат» ипподромында бүгін Ұлы дала ұландарының сайысын қызықтап, ұлы дала рухын сезіне білдік.

4 шілде күні басталған фестиваль 3 айға созылады. Оған республика бойынша 1 мыңға жуық спортшы қатысады. Дода 2 кезеңнен тұрады. Алдымен еліміздің 4 аймағында іріктеу сайысы өтеді. Оза шапқан спортшылар екінші кезеңге жолдама алады. Ал ақтық бәсеке 11-16 қыркүйек аралығында Астанада ұйымдастырылады.

Хабар 24 телеарнасы