Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Станислав Черчесов «Жылдың үздік бапкері» атағынан үмітті

  • 95
Станислав Черчесов «Жылдың үздік бапкері» атағынан үмітті

«Алтын доп» иесінің есімі аталған күні жылдың үздік бапкері де белгілі болады.

Бұл атаққа үмітті 10 адамның есімі жарияланды. Олардың арасында Ресей құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов бар. Ол биылғы әлем чемпионатында жоспарды асыра орындап, командасын ширек финалға дейін алып шықты. Сөйтіп Ресей футбол тарихында алғаш рет үздік бапкер атағына үміткер болып отыр. Бұдан бөлек арнайы сыйлыққа үміттілер арасында биылғы әлем чемпиондарын баптаған Дидье Дешам мен оларға финалда тегеурінді қарсылық танытқан команданың жаттықтырушысы Златко Далич бар. Тізімнен Англия құрамасының бапкері Гарет Саутгейт пен Чемпиондар лигасын ұтқан Зинедин Зиданды да кездестіруге болады.

Хабар 24 телеарнасы