356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуды көздейді

  • 95

«Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққысы келеді. Ол үшін екі өткелден өтуі керек.

Елордалық команда бірер сағатан кейін өз алаңында Загребтің «Динамосын» қабылдайды. Бұл үшінші іріктеу кезеңі аясындағы матч болмақ және жеңімпазы плей-оффқа шығады. Сондықтан, қос команда да  «Астана Аренада» барын салады. Негізі хорватиялық клуб ішкі біріншілігінде қарсылас шақ келтірмейді.  15 мәрте чемпион атанды. Олардың футбол академиясы Еуропадағы үздік бестіктің қатарында. Соған қарамастан Роман Григорчук кездесу өз командасының басымдығымен аяқталарына сенімді. Матч алдындағы баспасөз мәслихатында қос клубтың бас бапкері де қарсыластарына аса құрметпен қарайтынын және әр тарап алдағы ойынға қатысты өзіндік жоспар құрып қойғанын жеткізді.

Роман Григорчук, «Астана» клубының бас бапкері:

- Футболшылар арасында мынадай қағида қалыптасқан. Егер алғашқы матч сырт алаңда, ал қарымта матч өз алаңында өтсе, басымдық сенің жағыңда болады деген. Бірақ менің тәжірибемде керісінше жағдайлар көп орын алды. Сондықтан алдағы матчта жеңіске жету үшін барымызды саламыз. Тыңғылықты дайындалдық. Тиісті жоспарды құрдық. Енді нәтижелі ойнап, соның жемісін көру ғана қалды.  

Ненад Белица, «Динамо» клубының бас бапкері:

- Біздің командада жас ойыншылар көп. Мен оны артықшылығымыз деп санаймын. Өйткені олар алаңда аса белсенді болады. Сонымен қатар әрқайсысының үлкен тәжірибесі бар. Сондықтан жігіттер сенімді ақтап, жеңіспен ораламыз деген ойдамын. 

Алдағы матч туралы тағы бірер ақпарат. «Динамо» клубындағы ойыншылардың транферлік құны 54 миллион, ал, «Астананікі» 24 миллион еуроны құрайды. Ең қымбат аяқдопшылары алғашақысында Филип Бекович, кейінгісінде Педро Энрике. Трансферлік құны сәйкесінше 11 және 3 милилон еуродан. Осындай үлкен айырмашылықққа қарамастан клубаралық рейтингте «Астана» қарсыласынан 10 саты жоғары орналасқан. Яғни қазақстандық клуб 67, ал хорватиялық команда 77-орында. Тағы бір айта кетерлігі «Астана» бұрын-соңды Хорватия елінің клубтарымен кездесіп көрген жоқ.

Ненад Эрич, «Астана» клубының қақпашысы:

- Қарсылас команда сапындағы шабуылшылар мен жартылай қорғаушылардың шеберлігі жоғары. Әрқайсысың артында үлкен тәжірибе бар. Сондықтан, алдағы матч өте ауыр болғалы тұр. Біз «Динамо» клубының ойын өрнегін жақсылап сараптап, нақты жоспар құрдық. Бапкердің берген тапсырмалары бар. Енді барлығын жасыл алаңдағы тартыс шешеді.

Хабар 24 телеарнасы