352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкиннің бапкері «Канеломен» өтетін екінші жекпе-жекке қатысты екі сценарий ұсынды

  • 117
Головкиннің бапкері «Канеломен» өтетін екінші жекпе-жекке қатысты екі сценарий ұсынды

Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте өтеді.

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өткізетін екінші кездесуінің қалай аяқталатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz

«Біз кімнің техникасы мықты, кімнің қорғанысы мен күші жойқын екенін байқайтын боламыз. «Канело» соққылар комбинациясын жасасын, бізде солай жасайтын боламыз. Бұл жолы Сауль Альварес соққылар сериясын жасаймын деп, Генаны нокаутқа түсіремін деп әлек болып шаршайтын шығар, артынша өзінің есінен танғанын білмей де қалады. Екі боксшы үшін де бұл кездесу қиын болады. Бастапқы бес-алты раунд тым ауыр болады. Олар бір бірінің үстінен жүріп өтпекші және олар осыны бастаған сәтте ауырлай түседі. Головкин басымдылыққа ие болып, 11-ші не 12-ші раундта нокаутқа түсеіреді немесе төрешілердің шешімі бойынша сегізде-төрт немесе тоғызда-үш раундта жеңімпаз болады», - дейді Санчес.

Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді. 

Хабар 24 телеарнасы