359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің құрамасы мини-футболдан Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды

  • 121

Қазақстан құрамасы мини-футболдан Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Киев қаласында өткен жарысқа кәрі құрлықтың кіл мықтылары қатысты. Қазақстан жартылай финалға жолдама алғаннан кейін, Румыния командасымен кездесті. Футбол сарапшылары мен жанкүйерлердің айтуы бойынша, еуро чемпионатындағы ең әдемі және әсерлі ойынды осы елдің командалары көрсетті. Қазақстан құрамасының аяқдопшылары Румыниямен болған кездесуде 2:2 есебімен тең түскенімен пенальти кезеңінде ұтылып қалды. Алайда үшінші орынға таласта Қазақстан Англия аяқдопшыларын 2:0 есебімен жеңіп, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Мини-футболдан Еуропа чемпионын анықтайтын ақтық сайыста Чехия және Румыния командалары кездесті, есеп 4:1. Чех командасы румындықтарды ойсырата жеңіп, Еуропа чемпионы атанды.

Дидар Сыдықбек, Қазақстан құрамасының ойыншысы:

- Бүгінгі ойынға біз өте қатты дайындалдық, біздің бапкердің нұсқауымен екінші ойында барлық жігерімізді қолымызға жинап, ойындардың тактикасын қарастырып, жеңіске жеттік.

Хабар 24 телеарнасы