369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Александра Опачанова Азия ойындарында үздік үштікке енді

  • 132
Александра Опачанова Азия ойындарында үздік үштікке енді

Бүгін Палембангта академиялық есуден финалдық бәсекелер өтіп жатыр.

Әйелдер арасындағы жекелей сында Александра Опачанова үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды Olympic.kz

Ол Қытай және Тайпей спортшыларын алға жіберіп, мәреге үшінші болып келді.

«Шынымды айтсам, үшінші болып келгеніме сенген жоқпын. Сәл жетпей қалдым ба деп ойладым. Өйткені менің мәреге жеткенімді айғақтайтын дыбыс белгісі естілген жоқ. Бұл жүлдеге жету үшін менің неден өткенімді білсеңіздер ғой?! Қуанышымда шек жоқ! Құттықтауларыңызға рақмет! Өйткені жанкүйердің қолдауы ерекше сезілді», – дейді Опачанова. 

Осылайша бүгінгі жарыс күніндегі алғашқы медаль қоржында. Бұл – академиялық есуден биылғы Азия ойындарында жеңіп алған тұңғыш жүлдеміз.

Сондай-ақ академиялық есуден ерлер арасындағы финалдық кезеңде бақ сынаған В.Яковлев қолаға қол созым жерден тоқтап, 4-орыннан көрінді. 

Хабар 24 телеарнасы