359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дмитрий Баландин Азиаданың екінші қола медалін жеңіп алды

  • 96
Дмитрий Баландин Азиаданың екінші қола медалін жеңіп алды

Дмитрий Баландин 50 метрге брасс әдісімен жүзуде Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Финалдық сында жерлесіміз жапониялық Ясухиро Кусико (27.07) мен қытайлық Ян Зибейден (27.25) қалып қойды. 

Баландиннің көрсеткіші – 27.46. 

Бұл – Баландиннің биылғы Азия ойындарындағы екінші қола жүлдесі. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында да үздік үштікті тұйықтаған еді. 

Баландин өзі Олимпиада чемпионы атанған 200 метрге брасс әдісімен жүзу бәсекесіне жарақатына байланысты қатыспайды. 

Хабар 24 телеарнасы