361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бокс: Әбілхан Аманқұл Азия ойындарын жеңіспен бастады

  • 203
<span class=favorites>Бокс: Әбілхан Аманқұл Азия ойындарын жеңіспен бастады</span> Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бокстан 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Әбілхан Аманқұл Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.

1/16 айналымда Әбілхан таиландтық Апхисит Кананхокхкруеамен кездесіп, 5:0 есебімен басым түсті.

Еске сала кетейік, Әбілхан Аманқұл Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан байрағын көтеріп шыққан болатын.

Әбілхан – 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Хабар 24 телеарнасы