352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері үстел теннисінен жарысты

  • 93
Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері үстел теннисінен жарысты

«Пинг-понг ханшайымы» деп аталатын дәстүрлі турнир екінші рет  ұйымдастырылды. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 30-дан аса үміткер қатысты.

Жасөспірімдердің сайысы тартысты өтті. Рудный қаласынан келген Ольга Ким өз қатарластарының алды болса, 12 жасқа дейінгі өрендер арасында Қарағандылық Евгения Тузова топ жарды. Осы жарыста озғандар Қытайға барып, әлем мықтыларының шеберлік сабағына қатысады.

Майра Алжанова, «Бауыржан» қайырымдылық қорының әлеуметтік жобалар үйлестірушісі:

- Бұл іс-шараның мақсаты балаларды спортқа баулу және салауатты өмір салтын насихаттау. Өйткені біз бәріміз білеміз спорт ол дисциплинаға үйретеді. Сондықтан балалар спорт арқылы өздері дамып және алдарына мақсат қойып соларды орындауға бейім болса, яғни армандарына жетсе деген мақсатпен ұйымдастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы