352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі өтеді

  • 177

Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылады. Оған елордалық «Астана» қатысады.

Монакода өтетін жеребе рәсімі Астана уақытымен 17:00-басталады. Оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Елордалық команда екінші себетке түсті.

Бірінші себет: «Севилья» (Испания), «Арсенал» (Англия), «Челси» (Англия), «Зенит» (Ресей), «Байер» (Германия), «Динамо» (Украина), «Бешикташ» (Түркия), «РБ Зальцбург» (Австрия), «Олимпиакос» (Греция), «Вильярреал» (Испания), «Андерлехт» (Бельгия), «Лацио» (Италия).

Екінші себет: «Спортинг» (Португалия), «Лудогорец» (Болгария), «Копенгаген» (Дания), «Марсель» (Франция), «Селтик» (Испания), ПАОК (Греция), «Милан» (Италия), «Генк» (Бельгия), «Фенербахче» (Түркия), «Краснодар» (Ресей), «Астана», «Рапид» (Австрия).

Үшінші себет: «Бетис» (Испания), «Карабах» (Әзірбайжан), БАТЭ (Беларусь), «Динамо» (Хорватия), «РБ Лейпциг» (Германия), «Айнтрахт» (Германия), «Мальме» (Швеция), «Спартак» (Ресей), «Стандард» (Бельгия), «Цюрих» (Швейцария), «Бордо» (Франция), «Ренн» (Франция).

Төртінші себет: «Аполлон» (Кипр), «Русенборг» (Норвегия), «Ворскла» (Украина), «Славия» (Чехия), «Акхисарспор» (Түркия), «Яблонец» (Чехия), АЕК (Кипр), «Види» (Венгрия), «Рейнджерс» (Шотландия), «Дюделанж» (Люксембург), «Спартак» (Словакия), «Сарпсборг 08» (Норвегия).

Естеріңізге салсақ, «Астана» кеше кипрлік АПОЭЛ-ді жеңіп, топтық кезеңге өткен болатын.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы