353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Месси 12 жылда алғаш рет үздік ойыншы атағына үміткерлер тізімінде жоқ

  • 76
Месси 12 жылда алғаш рет үздік ойыншы атағына үміткерлер тізімінде жоқ ©Reuters

FIFA жыл ойыншысы атағына үміткер футболшылардың тізімін жариялады.

FIFA жыл ойыншысы атағына үміткер футболшылардың тізімін жариялады. 2006 жылдан бері алғаш рет үздік үш үміткердің қатарына аргентиналық Лионель Месси кіре алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Үштікке «Ювентус» клубының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду, «Реалдың» хорватиялық жартылай қорғаушысы Лука Модрич және «Ливерпуль» кубының мысырлық шабуылшысы Мохамед Салах кірді.

Жеңімпаз 24 қыркүйекте Лондондағы The Best салтанатында аталады.

Дауыс беру кезінде ФИФА-ның барлық командасының жаттықтырушылары мен капитаны, журналистер мен жанкүйерлер қатысады. Барлық төрт топтың тең дауыс үлесі бар - әрқайсына 25 пайыздан.

2010 жылдан бастап 2015 жылға дейін FIFA және France Football журналы әлемнің үздік футболшысына «FIFA Алтын добын» табыстайтын, бірақ кейін ынтымақтастықғын тоқтатты.

2016 және 2017 жылдары France Football журналынан «Алтын допты» және FIFA-дан The Best сыйлығын Роналду жеңіп алған.

Хабар 24 телеарнасы