352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жекпе-жекке 5 күн қалды: Головкин – Альварес жаңа промо ролигі жарияланды

  • 303
Жекпе-жекке 5 күн қалды: Головкин – Альварес жаңа промо ролигі жарияланды видеодан үзінді

Бокс кешінің басты кездесуі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында шамамен таңғы 08:00 немесе 08:30-да басталады.

Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) пен орта салмақта WBC, WBA (Super), IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) арасында өтетін екінші жекпе-жекке бес күн қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алдағы жексенбіде, қазақстандық уақытпен 16 қыркүйекте жекпе-жек өтеді. Бокс кешінің басты кездесуі Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile аренасында шамамен таңғы 08:00 не 08:30-да басталады. Қазақстанда QazSport және Qazaqstan телеарналары тікелей трансляцияны көрсетеді.

Бірінші шоу жекпе-жегі қыркүйектің 15-інен 16-ына қараған түні түнгі Астана уақыты бойынша 03:00-де басталады. Айта кетейік, Альварес пен Головкиннің алғашқы жекпе-жегі былтыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтіп, тең аяқталған еді.

Хабар 24 телеарнасы