356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкиннің жеңілісін қазақстандықтар қалай қабылдады

  • 326

Геннадий Головкиннің бәсекесіне қазақ елі ерекше назар аударады.

Таң атпай тұрып, көп болып тамашалауға асығатындар да бар. Бірнеше қалаларда алып Led экрандар арқылы тікелей эфир көрсетілді.

«Қазмедиа орталығында» да тартысты жекпе-жектің көрсетілімі ұйымдастырылды. Жергілікті жанкүйерлердің кімге бүйрек бұрғаны әрине белгілі. Әркім өз пікірін сайлап, бәсекені бабымен тамашалауға кірісті. Жалпы бұл жақсы үрдіс. Спортты насихаттау. Әркім өзінше сарапшы, айтпағы көп еді, бірақ бәсеке аяқталған бетте қорытындысы көңілдерінен шықпағаннан кейін пікір білдіруден іркілді. Головикин де бүгін жекпе-жектен кейін тілшілермен тілдесуден бас тартқан еді.

Алайда қазақстандықтар отандық боксшыны қолдап жатыр.

«Сен біз үшін бәрібір үздіксің! Сен нағыз чемпионсың. Қазақстанның атын шығарып жатқаныңа көп рахмет! Алға!!!», - деп жазды өзінің инстаграм парақшасында Димаш Құдайберген.

«Гена, сен біздің Чемпионымызсың, саған алғысымыз зор, қолыңнан келгеннің барын жасадың. Баршамыз сені мақтан тұтамыз!», - деп жазды министр Фейсбук парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы