Хабар 24
LIVELIVE

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Көлгіновті қабылдады

  • 282
  • Media
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Көлгіновті қабылдады

Батыс Қазақстан облысында өнеркәсіп пен қайта өңдеу және құрылыс салаларында өсім байқалады. Былтыр өңірдің  жалпы ішкі өнімі 2 трлн теңгеден асты.

Елбасының қабылдауында болған аймақ басшысы осылай деді. Алтай Көлгінов Президентке облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында есеп берді. Мемлекеттік бағдарламаларды қарқынды іске асырудың нәтижесінде экономикада айтарлықтай өсім байқалып жатқанын айтты. Мәселен, өңдеу өнеркәсібінің дамуына индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы әсер еткен. Ал «Нұрлы жер» құрылыстың қарқын алуына ықпал етті. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тапсырма берді.

Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

- Аса құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты. Өзіңіздің қабылдаған мемлекеттік бағдарламалар қарқынды орындалуда. Соның нәтижесінде экономикада оң үрдіс байқалады. Нақтырақ айтар болсақ, ІЖӨ-де жыл сайын өсім байқалады. Мысалы, 2015 жылы 1,7 трлн болса, 2016 жылы 2 трлн жетті. Ал былтыр біз 2,2 трлн-мен біз жылды аяқтадық. Өзіңіздің тапсырған 4 пайыздық өсім бар. Соның ішінде өнеркәсіпте жыл сайын өсім байқалады. Мысалы, жылды біз 5,7 пайызбен тәмамдадық. Ол жерде де жыл сайын өсім байқалады. Мысалы, физикалық индекс көледі 94 пайыз болса 2015-те, 2016 95 пайыз. Біз жылды 5,6 пайызбен тамамдадық. Соның ішінде өзіңіздің тапсырған өңдеу өнеркәсібі бар. Өңдеу өнеркәсібінде де қарқын бар. Ол жерде физикалық көлем 72 пайыз болды 2 жыл бұрын. Сосын 104 болды, былтыр 5,7 пайызбен біз тамамдадық. Бұған үлкен қолдау көрсетіп жатқан сіздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы. Сонымен бірге құрылыста да қарқын бар. Өткен жылы біз 42 пайызға артық үйді тапсырдық. Оған «Нұрлы жер» бағдарламасы үлкен қолдау көрсетті. Яғни мұқтаж азаматтар тұрғын үйге, қолжетімді баспанаға қол жеткізіп отыр.

back to top