Елбасы Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды
- 332

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
«Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
- Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 31 наурыз
№ 653
Related items
- Алматы облысында тау жыныстарының көшкіні жолды басып қалды
- Алматыда биыл 155 шақырым жол жөнделеді
- Еліміздегі ақпараттық орталықтар ішкі туризмді дамытуға атсалысады
- Биыл Алматыда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады
- Талдықорған кәсіпкерлері енді техникалық шарттарды бір жерден алатын болады