Хабар 24
LIVELIVE

Қазақстан Президенті елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

  • 247
  • Media
Қазақстан Президенті елшілерден сенім грамоталарын қабылдады Фото: akorda.kz

Ақордада бірнеше мемлекеттің Қазақстандағы елшілері Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды. Ал президент болса мәртебелі меймандарды дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтады.

Сондай-ақ еліміздің сыртқы саясатындағы негізгі бағыттарына тоқталды. 

Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан және Италия. Бұл мемлекеттердің елімізде биылдан бастап жаңа елшілері жұмыс істейді. Ақордаға алғаш табан тіреген дипломаттардың бойынан қобалжу байқалады. Себебі бұл тарихи сәт.

Дегенмен, Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырып, естелік суретке түскеннен кейін елшілердің көңілі орнына түскендей болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Баршаңызды Қазақстандағы жаңа дипломатиялық миссияларыңыздың ресми басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Жауапты әрі мәртебелі міндеттеріңіз елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға серпін береді деп сенемін. Сіздердің дипломатиялық қызметтеріңіз мазмұнды әрі маңызды оқиғаларға толы кезеңде болғалы тұр. Қазақстан ширек ғасыр ішінде демократиялық жүйесі орныққан, азаматтық қоғам кемелденген, экономикасы дамыған мемлекетке айналды. Қолға алған игі бастамалардың түпкі мақсаты - әлемдегі озық отыз елдің қатарында болу. 

Еліміздің сыртқы саясаты көпжақты бағытта дамып келеді. Ұтымды ұстаным алдағы уақытта да негізгі бағдар ретінде таңдалып отыр. Ал қазақстандық бастамалардың халықаралық мәселелерді шешуге қосқан үлесін айрықша атап өткен жөн. Бұған Біріккен Ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесі аясында атқарылған жұмыстар, қолға алынған бастамалар дәлел.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстан халықаралық байланыстарын дамыта түсу үшін көп жақты сыртқы саяси бағытын жалғастырады. Біз бейбітшілік пен қауіпсіздікті халықаралық құқық негізінде нығайтуды көздейтін іс-әрекеттерді қолдаймыз. Бұған Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретінде атқарып келе жатқан жұмыстары дәлел. Қазақстан халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, шиеленістерді шешуге өз үлесін қосып келе жатқанын баршаларыңыз білесіздер. Солардың бірі Сириядағы ахуалды бейбіт жолмен реттеу мәселесі. Бұл шиеленісті тарқату ісінде Астана процесі маңызды рольге ие болып, айтулы шаралардың біріне айналды.

Қазақстан әлемдік бизнес жүргізу рейтингінде 36-орында тұр. Бұл инвестициялық тартымдылықты айғақтайтын негізгі көрсеткіш. Сондықтан кез-келген мемлекет елімізбен алдымен дипломатиялық, кейін экономикалық байланысын жақсартуға баса көңіл бөледі.

Енді жаңа елшілерге жүктелген маңызды міндеттерге тоқталсақ. Бұл елдердің Қазақстанға тұрақты елші жіберіп, мемлекет басшысына сенім грамотасын жөнелтуі - стратегиялық тұрғыда маңызды қадам. Сол арқылы сан алуан саладағы қарым-қатынасқа жаңа қарқын қосылуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Отношение Казахстана с Российской Федерацией является эталоном межгосударственных связей. Служит ярким примером стратегического партнерства и союзничества. Благодаря нашему тесному сотрудничеству успешно функционирует интеграционное объединение ЕАЭС. Особо следует отметить, что курс на дальнейшую укреплению нашего сотрудничества пользуется самой широкой поддержкой у обеих наших народов. Я высоко оцениваю мое доброе личное отношение с Президентом России Владимир Владимировичем Путиным. Считаю, что его убедительная победа на выборах – эта очередная высокая оценка народа, курса своего народа на дальнейшее процветание и укрепление геополитической роли России, а также его самоотдачи, его преданности в стране. Казахстан намерен продолжать отношение с Россией как в двухстороннем формате, так и в рамках международной повестки во глава наших двух народов.

Қазақстан Ресеймен 2013 жылы 21 ғасырдағы одақтастық туралы шарт жасасса, одан бұрынырақ Өзбекстанмен мәңгілік достық келісімін күшіне енгізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Огромный вклад в дела казахстанско-узбекистанских отношений вносит уважаемый президент Узбекистана Шавкат Миромонович Мирзиёев. С его приходом мы открыли новую главу в летописи сотрудничества Астаны и Ташкента. А также достигли значительного прогресса укреплений сотрудничества стран ЦА состоявшийся в прошлом году, текущем году. Взаимные визиты также интенсивные контакты на различных международных площадках существенно укрепили политический удел и впервые обеспечили рост взаимный торговли более чем на 30 процентов.

Мемлекет басшысы қазақ-түрікмен қарым-қатынасына да айрықша тоқталып өтті. Ал «Италия - Қазақстанның Еуропалық одақтағы басты сауда серіктесі» деді. Арадағы тауар айналымы 10 миллиард долларға жуықтаған.

Паскуале Д'авино, Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Италия - Қазақстанның мұнай-газ өндірісіндегі ірі инвесторлардың бірі. Енді ғарыштық спутниктер мен шарап өндірісінде және туризм саласында әріптестік аясын кеңейтуді көздеп отырмыз. Жалпы Италияның қазақ елліне деген көзқарасы ерекше. Біз қазақстандық дипломаттардың Сириядағы шиеленісті шешуге қосқан елеулі үлесін жоғары бағалаймыз.

Саидикарим Ниязходжаев, Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстардың тарихи тамыры тереңде жатыр. Қос ел барлық салада стратегиялық байланыс орнатқан. Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға жасаған сапары барысында 2018 жылы Қазақстанда «Өзбекстан жылы» деп жарияланды. Өздеріңіз білесіздер 15 наурызда ресми түрде ашылу салтанаты өтті. Бүгін Ташкент-Алматы-Ташкент бағытында жаңа көлік қатынасы ашылды.

Алексей Бородавкин, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Астанаға қызметке аттанбас бұрын Ресей Президенті Владимир Путиннің қабылдауында болдым. Ол Қазақстанда елші болу – үлкен сенім мен жауапкершілік екенін атап өтті. Өйткені, Ресей мен Қазақстанның әріптестігі одақта болсын, экономикалық байланыста болсын ешқашан тоқтамайды. Ғылыми-техникалық салада атомды бейбіт мақсатта пайдалану мәселесі бар. Қазір IT-технология, цифрлық экономика, мәдени өзара байланыстар да маңызды.

Тойлы Комеков, Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Өткен жылы екі елдің басшылары дамудың жаңа бағыттарын айқындап, оларды жүзеге асыру жолдарын көрсетіп берді. Енді тек жұмыс істеу керек. Біз арадағы байланысты одан әрі нығайтып, экономикалық, сауда әрі гуманитарлық қарым-қатынастарды дамыта береміз.

 Жиын соңында Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытқа жоспарланған ауқымды шараларды атап өтіп, елшілерді өзара достық байланысты бекемдеуге шақырды. 

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Жандос Битабаров

back to top