Хабар 24
LIVELIVE

Ғалымдар «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын оқу бағдарламасына енгізуді ұсынды

  • 337
  • Media
Ғалымдар «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын оқу бағдарламасына енгізуді ұсынды

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын оқу бағдарламасына енгізу көзделіп отыр. Мұндай ұсынысты Қазақстан тарихшыларының V ұлттық конгресіне қатысушылар Білім және ғылым министрлігіне білдірді.

Ғалымдардың пікірінше, Елбасының еңбегінде Қазақстанның жаңа тарихы жазылған. Оқып отырып, еліміздің даму жолдары мен түрлі мәселенің шешілу тетіктері туралы терең зерттелген деректер алуға болады. Сондай-ақ тарихшылар «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын Біріккен Ұлттар ұйымы тілдеріне аударып, шет елдерге таныстыруды да ұсынып отыр. 

Ерлан Сыдықов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры:

- Бұл 26 жылдық тәуелсіз өміріміздің, тарихымыздың көрінісі. Тарихты жасау да оңай емес, оны жазау да оңай емес. Бұл кітаптың ерекшелігі – тарихты жасаушы өз қолымен жазып отыр. Басты ұсыныс - тарих ғылымында және ғалымдарының басын қоса отырып, Елбасының әлемдік лидерлер дәрежесінде қасиеті мен еңбегін зерттеу.

Зиябек Қабылдинов, Тарих ғылымдарының докторы:

- Біз 26 жылда бүкіл әлемді мойындатқан мықты экономикасы бар тәуелсіз елдің қалай құрылғаны туралы Елбасының көзқарасымен танысамыз. Ол жай ғана кітап, жай ғана шығарма емес, ол біздің тәуелсіздігіміздің шежіресі деп айтуға болады. Бұл тарихшыларға өте қажет кітап.

back to top