Хабар 24
LIVELIVE

ШҚО студенттері Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының игілігін көреді

  • 142
  • Media
ШҚО студенттері Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының игілігін көреді

Шығыс Қазақстанда 2022 жылға дейін 5500 орындық жатақхана салынуы мүмкін.

Бұл туралы Глубокое ауданы жұртшылығымен кездескен Мәжіліс депутаттары айтты. Халық қалаулылары Елбасының бес бастамасында әлеуметтің әлеуетіне зор көңіл бөлінгенін атап өтті. Болашақ білімді ұрпақ қолында. Осы ретте техникалық маман иелері үшін қосымша 11 мың грант бөлінбек. Еліміз бойынша салынуы тиіс 70 мың орындық жатақханалардан Шығыс қазақстандық студенттерге де үлес тиеді.

Бақтияр Мәкен, ҚР мәжіліс депутаты:

-  Елбасы неге техникалық мамандарға үлес берді. Себебі ауылдық жерлерде техникалық мамандықтар жетіспейді. Әсіресе ауыл шаруашылығына байланысты инженерлік инфрақұрылымдар салу мүмкіндігіне жергілікті жерде кадрлар керек. Сондықтан сол кадрларды дайындау үшін ауылдық жерлерде орналасқан колледждерге мүмкіндік.

back to top