Хабар 24
LIVELIVE

Депутаттар қостанайлықтардың білім саласы туралы сұрақтарына жауап берді

  • 138
Депутаттар қостанайлықтардың білім саласы туралы сұрақтарына жауап берді

Қостанай облысына барған депутаттар Қашар кентіндегі кеніште болды.

Қазір мұнда үш мыңға жуық адам жұмыс істейді. Мәжіліс депутаттары кеншілерге Елбасы ұсынған бес әлеуметтік бастама жайлы әңгімеледі. Осы тақырыптағы кездесу Рудныйдағы қалалық аурухана ұжымы мен жоғары оқу орнында жалғасты. Көпшіліктің көкейінде сұрақ көп. Бірі кәсіп ашу үшін несиеге қол жеткізгісі келсе, енді бірі «7-20-25» бағдарламасы арқылы үй алуды армандайды. Өңір үшін өзекті мәселенің бірі білім саласында. Сондықтан студенттер тарапынан да қойылған сауалдар көп.

Юрий Тимощенко, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

– Қостанай шекаралық облыс болғандықтан, қазір көптеген студенттің Ресейдің жоғары оқу орындарына кетіп жатқаны жасырын емес. Президент ұсынған бастамалар мұның алдын алады деген сенімдеміз. Себебі жатақханалар салу мен оқу гранттарын көбейтуге айрықша назар аударылып отыр. Студенттер үшін барлық жағдай жасалады. Мемлекет жастардың колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуына кепілдік береді.

back to top