Хабар 24
LIVELIVE

Елордада «Ғылым мен білім-2018» конференциясы өтеді

  • 150
Елордада «Ғылым мен білім-2018» конференциясы өтеді

Бүгін елордада студенттер мен жас ғалымдардың ХІІІ халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Ғылым күні қарсаңында ұйымдастырылған форумға бір мыңнан астам адам қатысады. Олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Венгрия, Польша, Украина мен Латвия делегаттары бар. Айта кету керек, ғылым саласына бөлінетін қаржы 2011 жылдан бері 37 пайызға өскен. Ал ғалымдардың еңбекақысы 58 пайызға көбейді. Бүгінде бір ғана Ұлттық инженерлік академияда бір жарым мыңнан аса инновациялық жоба құрылды.

back to top