Ақылды қала. «Виртуалды» ұшқыш

«Қазақстан инжиниринг» ТМД елдерінде теңдесі жоқ оқу-жаттығу құралын алып келді. Онда кез келген ұшқыш әуеге көтерілмес бұрын өз біліктілігін шыңдай алады.

Оқу-жаттығу симуляторы кәдімгі «Еурокоптер-145» тікұшағының дәлме-дәл көшірмесі. Демек бұл экипаждың кәсіби деңгейін артыруда таптырмас құрылғы екені даусыз. Ұшқышты қайта даярлау жарты ай немесе бір ай көлемінде жүргізіледі. Ал жас маманды оқыту 1,5 жылға жалғасады.

Бұл қандай технология? Оның нендей ерекшелігі бар? Оқу бағдарламасы мамандарды қалыпты және төтенше жағдайға қалай дайындайды?