Транспорт және логистика. Жолдарды жаңарту жұмыстары

Ұзақ жолға шыққан көлік жүргізушісі үшін автожолдың түзу, ереже жолақтары мен белгілерінің көрінуі маңызды.

Бұл әрине жолаушылар үшін ыңғайлы жағдай жасайтын жол қызметкерлерінің ауыр еңбегінің нәтижесі. Жол пайдалану телімдерінен таң ата жолға шығатын жұмысшылар автожолдағы әрбір шаршы метрге жауапты. Сондықтан олардан аса мұқияттылық талап етіледі. Өзге өңірлерге қарағанда еліміздің оңтүстігі жолды күтіп-баптау жұмыстарын ертерек бастайды. Бүгінгі шығарылым осы өңірде атқарылып жатқан шаруалар жайына арналмақ.