Транспорт және логистика. Қазақстанда жасалған

Елімізде жасалған әскери техникалардың озық үлгілері биылғы «KADEX-2016» халықаралық көрмесіне қойылды.

Әскерилерді қазіргі заманғы қару-жарақ және жаңа техникамен, барлау және байланыс құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында шығарылған бұл өнімдер шетелдіктердің қызығушылығын тудырды.

Олардың ішінен жауынгерлердің қауіпсіздігін ескерген, табысты әскери операцияның кепілі болатын техниканы кездестіруге болады. Ол семейлік зауытта жасақталған. Сондай-ақ ТМД елдеріндегі баламасы жоқ елордалық зауытта өндірілетін көліктер де бар. Ол тосын шабуылдан барынша қорғанған оқ өткізбейтін көліктер. Қоршауда қалған адамдарды аман-есен алып шығуға мүмкіндік береді.

Танктерден бастап түрлі қызмет атқаратын КамАз автокөліктеріне дейін көруге болатын көрме жайлы бүгінгі шығарылымда толығырақ тарқатамыз.