Өңір тынысы. Көктемгі жаңару
Наурыз. Шығыс күнтізбесіне сәйкес күн мен түннің теңелген уақыты. Қыстан аман шыққан халықтың көктемгі жаңаруды үлкен мереке етіп атап өтуі бұрыннан бар дәстүр. Ал мемлекетіміздің тарихында ол 1991 жылдың 15 наурызынан бастап тойланды. 2001 жылы Наурыз мемлекеттік мереке етіп белгіленсе, 2009 жылдан бастап 3 күн аталып өтеді. Ендеше Астанада Наурыз мерекесін өткізуге кімдер, қалай дайындалады?