Бірқатар ел EXPO-дағы павильонын таныстыру ролигін қазақ тілінде ұсынды

ЕХРО 2017 көрмесінің ашылуы қарсаңында әр мемлекет өз павильондарының тұсаукесерін өткізіп жатыр.

Бірқатары таныстыру роликтерін тек қазақ тілінде дайындаған. Оның ішінде Жапония бар. Суоми елі павлиьонының тақырыбы  - «Таза энергия». Қуатты судан өндіруді насихаттайды. Суды тазалаудың заманауи әдісін үйретуге дайын. Әлемдегі жасыл елдің біріне баланатын Финляндия  да осы бағыттағы жаңалықтарымен бөлісті. Тұмса табиғатымен тамсандырған Швейцария, әлемдік иновация өкілі ретінде де танылып келеді. Бұл елдің интерактивті павильоны «энергия түстері» деп аталады. 

Мануэль Питер Сальхли, Швейцария павильонының комиссары: 

- Болашақ жаңғыртылған энергия көздерін пайдалануды жөн санайды. Осы тұста Швейцарияның да әлгі үрдісті таңдағанын айтқым келеді. Біздің көрме ұстанған ұран «Энергия түстері», ол табиғи ресустардан алынған қуат пен жаңғыртылған энергяи көздерінің мүмкіндігін қарастыру дегенді білдіреді.