Ә. Іңкәрбек: Қазақ тілін үйрететін заманауи платформа қажет
Қазақ тілін үйрететін заманауи платформа жасау қажет. Жас ақын Әлия Іңкәрбек осылай дейді.
Ақынның айтуынша, қазір қазақша тіл сындыруға қызығатындар көп. Тек кез келген уақытта қолданып, үйренуге болатын арнайы платформа жоқ. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастағанын айтқан еді. Президент тапсырмасын жүзеге асыруға қоғам болып атсалыссақ, – дейді жас ақын.
Әлия Іңкәрбек, ақын:
- Мемлекет басшысы тіл мәселе көтерген болатын. Әрине, бұл – біз үшін өзекті мәселе. Қазақ тілін үйретуде, маңызын арттыруда заманауи платформа ойлап табу керек деп ойлаймын. Ол әліпбимен дыбысталуынан басталуы керек.
Еламан Қабділәшім, ақын:
- Қазақша сөйлеу тренд болуы керек. Былайша айтқанда, қазақша сөйлеу сәнге айналуы керек. Қазақ тілін көркем әдеби шығармалар арқылы насихаттаған абзал.