Өңір тынысы. Ақтау. Қалалық басқару мен кәсіпкерлердің өзара іс-қимылы
Мемлекеттік қолдау шағын және орта бизнестің ажырамас, тіпті, іскерлік ортаның негізін құраушы бөлігі саналады. Бір жағынан мемлекеттің көмегі кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасаса, екінші жағынан әкімшілік ресурсты пайдаланып, түрлі қысым көрсетілетіні жасырын емес. Осы тұста мемлекетке үміт арту масылдық пен әлеуметтік инфантилизм алып келмей ме деген күмән туады.