Адам құқығы тапталмауы тиіс
Елімізде биыл адам саудасына қатысты 200-ден аса қылмыс тіркелді. Дені – құлдықтың қамытын киіп, бәз біреулердің қолында отырғандарға қатысты. Кәмелетке толмағандарды қара жұмысқа жегу мен жезөкшелікке тарту дерегі де азаймай отыр. Мамандар бүгінде мигранттарды жұмысқа заңсыз жегу мәселесі өршіп тұрғанын айтты. Қыруар қаржы табамын деп шетел асып, кейін сан соғып қалатындар көбейген. Осыған қатысты жыл басынан 58 қылмыстық іс қозғалған. Оның – алтауы шетелдіктерге қатысты. Сол үшін мамандар, әккілерге алданып қалмас үшін өзге елге жұмысқа барарда барынша сақ болу керектігін ескертеді. Әсіресе, шекара асқанда жеке басын куәландыратын құжаттарды бөгде жанға бермеу қажет.