Қарағандыдағы этномәдени бірлестік өкілдері де жолдауды қолдады

Қарағанды қаласындағы этномәдени бірлестік өкілдері де жолдауға қолдау жасап, онда жүктелген ортақ міндеттерді бірлесіп талқылады.

Олардың пікірінше, Қазақстанның үшінші жаңғыруы елдің экономикалық өсімінің жаңа моделін қалыптастыруға сеп болады. Енді еңбек нарығы, тұрғын үй саясаты, ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларында оң өзгерістер болуы тиіс. Нәтижесінде мүлдем жаңа индустриялар құрылады, - дейді еліміздегі Литваның құрметті консулы және облыстық этномәдени бірлестік жетекшісі Виталий Тварионас.

Виталий Тварионас, ҚР-дағы Литва Республикасының құрметті консулы:

- Логистика, медицина, білім, яғни Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы бойынша экономиканың барлық саласында реформалар жүргізіледі. 25 жылдың ішінде мықты құрылымдық команда жасақталды. Атап айтқанда, Қазақстан халқы ассамблеясы мен көп париялық жүйе қалыптасты. Елбасы бұл командаға үлкен сеніммен қарайды. Себебі олар Елбасының көздеген мақсаттары мен  қойған міндеттерді толықтай орындауға қабілетті.