Конституциялық реформа заман талабы мен қоғамның қажеттілігіне қарай жаңғыртылуы керек

Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми қызметкерлерімен кездескен «Ақ жол» партиясының өкілдері осылай деді.

Басқосуда қоғамда қызу талқыланып жатқан конституциялық реформа, Елбасының жолдауы мен жер мәселесі сөз болды. «Парламент пен Үкіметке берілген билік орынды шешім», - дейді, «Ақжол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Салалық мемлекеттік бағдарламаларды Елбасы емес Үкіметтің өзі дайындап, қарастырып, қабылдауы керек. Олай болса, ертең ол Парламентке келген кезде сол бағдарламаны іске асыруға арналған заң жобалары кемшіліктерді алдын ала алып тастауға болатынына сенімдімін.