Алматыдағы өнер академиясы үш тілде білім беру жүйесін енгізгелі отыр

Алматыдағы өнер академиясы бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін үш тілде білім беру жүйесін енгізгелі отыр.

Сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу ісін де жолға қоймақ. Бұдан өзге академия биылдан бастап магистранттарды қашықтықтан оқыту ісін қолға алмақ. Ол үшін әрине жастардың ІТ-технологияны жақсы меңгеруі қажет. Бұл Елбасы жолдауындағы басым бағыттың бірі. Осы ретте Темірбек Жүргенов атындағы өнер акедмиясының студенттері мен оқытушылары Президент жолдауындағы білім сапасын көтеру жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Ғайнижамал Абильдина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Білім сапасында әсіресе бәсекеге қабілетті болу үшін IT-технологияны жақсы меңгеруіміз керек. Одан кейін ағылшын тілін білуіміз керек. Қазір мынау колледж, техникумдардың ақысыз оқылатыны. Балаларды ақысыз  соған жетелейтіні. Өйткені бізде өзіңіз білесіз, әсіресе, біздің ұлтта тас қалаушы, сылақшы немесе жаңағы басқа да техниканы меңгерген адамдар жоқ.