Туысы жоқтарды кім жерлейді?

Астананың Байқоңыр ауданындағы зират. Барлық дін өкілдері бір аумақта жатыр. Себеп – тірі кезінде түрлі тағдыр тәлкегіне түскендер, аға-бауырымен байланысын үзгендер. Тіпті мұнда құжаты табылмаған, жеке басы анықталмаған азаматтар да бар. Бір сөзбен айтқанда, марқұмдарды жер қойнауына жақындары емес, жергілікті билік тапсырған. Ал әкімдік қаза болғандарды ақтық сапарға қалай аттандырады? Қанша қаржы жұмсайды? Арнайы жоба осы сұрақтарға жауап іздейді.