Қытай мен Жерорта теңізі арасындағы ұлан-ғайыр атырапты жалғаған Ұлы Жібек жолы

Қазақстан – Еуразия құрлығының қақ төрінде орналасқан алып мемлекет. Жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында.

Ел аумағынан 11 халықаралық транзиттік дәліз өтеді. Оның бесеуі темір жол, алтауы автомагистраль. Теңізге шығар төте жол жоқ. Сондықтан тәуелсіздік алған жас мемлекет алғашқы жылдардан-ақ бар мүмкіндікті тиімді пайдалануға күш салды.

Ерлан Қалымов «Қазавтожол» ҰК» АҚ торапты дамыту департаментінің директоры:

–1990 жылдары Қазақстан Республикасы қиыншылықтарға тап болды. Жаңа мемлекет болғаннан кейін. Оның ішінде жол саласы да үлкен қиыншылықтарға тап болды. Яғни ең алдымен қаражаттың жетіспеуі. Техникалық базаның артта қалуы. Мамандардың шетке кетіп қалуы деген сияқты көптеген қиыншылықтар болды.  Оған қарамастан Елбасының тапсырмасы бойынша 2000 жылдары бізде қайта жаңарту жұмыстары қолға алынды.

Ел экономикасының дамуы инфрақұрылымға тікелей байланысты. Сондықтан жас мемлекет өзге салалармен қатар елдің транзиттік әлеуетін арттыратын жоспар құрды. Ең әуелі ел ішіндегі жолдардың сапасын жақсарту, теңіз портына шығатын мүмкіндікті саралап, халықаралық көлік дәліздерін байланыстыру негізгі үш міндетке айналды. Жаңа ғасырдың алғашқы бес жылдығына арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жол саласының нормативтік-техникалық құжаттары жасалды. Даңғыл жолдардың даму кезеңі басталды.

Амангелді Беков, ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары:

– 2000 жылға дейін біз совет үкіметінің нормотивтік-техникалық құжаттарын пайдаланғанбыз. Дүниежүзінде еуропалық стандарттар бар. Америкалық стандарттар бар одан кейін біздің Совет үкіметінің стандарттары болды. Қазір біз оның бәрін жасап, қайсы бізге келеді соны алдық. Біздікі олардан артық болса, біздікін алдық.

Екі мыңыншы жылдары елдің бас қаласы Алатаудың баурайынан Сарыарқаның төсіне ауысқан еді. Көштің соңы әлі жалғасып жатқан. Сондықтан Астана мен Алматыны жалғайтын жолды жөндеу өзекті болды. Жол саласындағы бұл құрылыс жас мемлекеттің тарихындағы ең алғашқы ірі жоба болды.

Замир Сағынов «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры:

– Әр түрлі институттардан қаржы тартылды. Сол жол бірінші тәжірибе берді негізінде. Бұрында да құрылыс жұмыстары жүріп жатқан. Бірақ ауқымды құрылыс сол осы жолға байланысты болды. Сосын күрделі жылдам шешілетін жұмыстардың бірі болып Қызыләскер-Кировский дейтін Оңтүстік Қазақстанда Өзбекстанмен шекараны бөлгеннен кейін біздің кейбір елді мекендер шекараның арғы жағында қалып қойып, жол болмай сол жол салынды. Содан кейін жалпы жолға қаражат тоқтаған жоқ. Орал-Атырау жолы салынды. Ақтөбеден Қостанайға жол салынды үлкен күрделі жол.

Осы тұста айта кету керек. Қазақстанда автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырым. Оның 25 мың шақырымы республикалық маңызға ие. Салыстыру үшін айтайын 1998 жылы республикалық маңыздағы жолдардың ұзындығы 18 мың шақырым болатын. Содан бері 37 прцентке ұзарды. Бүгінде республикалық маңыздағы 25 мың шақырымның негізгі 13 мың шақырымы жаңартылды. Алдағы бес жылда 12 мың шақырымына жөндеу жүргізіледі.