Ұшақ билетінің ақшасын қалай қайтаруға болады?
Қазақстандағы әуе компаниялары ұшақ билетін сату кезінде қайтарымсыз тарифті белсенді пайдаланады. Әдетте мұндай билеттер арзанырақ тұрады. Бірақ жолаушы оны қайтарғысы келсе, бірнеше қиындыққа тап болуы мүмкін. Мысалы, егер жолаушы ұшу күнін өзгерткісі келсе, айыппұл төлеуге міндетті болады. Ал ұшудан бас тартса, билет құны мүлдем қайтарылмауы да ықтимал.