Qr-код арқылы төлем жасау қауіпсіз бе?
Қазір тауар ақысын немесе көрсетілген қызметті QR-код арқылы төлейтіндер көп. Бұл технология тек саудада ғана емес, өзге де салаларда кең қолданылады. Алайда мұнда да сақтық керек. Қазір алаяқтар жалған QR-код әзірлеп, жұрттың қалтасын қағып жатыр. Одан сақтану үшін не істеу керек?