Қазақстан Драма театрларының XXX фестивалі басталды
Өскеменде көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының отызыншы фестивалі басталды.
Өнер додасына еліміздің әр түкпірінен он театр қатысып жатыр. Ашылу салтанатына театр тарландары Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов қатысып, өнердегі ізбасарларына сәттілік тіледі. Қожаны сомдаған Нұрлан Сегізбаев та көпшілік құрметіне бөленді. Фестиваль шымылдығы Павлодарлық қазақ музыка театры ұсынған, Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі "Менің атым - Қожа" қойылымымен ашылды. Көрермендер сондай-ақ алдағы бес күн бойы "Қайдасың, Гауһар"," Қар қызы", "Болмаған балалық шақ" сынды тамаша туындылармен қайта қауышады.
Асанәлі Әшімов, ҚР Халық әртісі:
- Тойларың құтты болсын дейміз, бәрі сіздер үшін жасалған дүние. Бұл күндері сол келіп, қараңыздар, көріңіздер баға беріңіздер. Барлық елге жақсылық тілеймін. Әрқайсың үйіңде қуаныш болсын деп тілеймін.
Нұркен Өтеуілов, актёр:
- Жалпы бұл балаларға арналған фестиваль, театрлар спетакль әкеп жатыр, бұл бізге өте қажет, ұрпақтың осындай үлкен-үлкен дүниелер көріп өсуі, санасына сіңдіру, қазіргі шығармашылықтың, өнердің, мәдениеттің міндеті деп ойлаймын.