Автосаяхатшылар тобымен Алматы облысына экспедицияға | Дархан дала

«Дархан дала» жобасы Қазақстанды аралап еліміздің туристік әлеуетімен танысып жүр. Бұл жолы түсірілім тобы Nomad 4x4 автосаяхатшылар тобымен бірге Алматы облысына көктемді сезіну үшін  экспедицияға аттанды. 

Алдымен экспедиция сөзінің анықтамамасына тоқталайық. Бұл бір топ адамның ұзақ сапарға белгілі бір мақсатпен бару.

Барлығы рет-ретімен: таңғы сағат бес, сақадай сай темір тұлпарлар, шытырман оқиғаларға деген құштарлығы зор заманауи көшпенділер мен капитанның дәстүрлі нұсқауы!

«Дархан дала» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.