Елордадағы іс-шара туризмі | Дархан дала

«Дархан дала» жобасы Қазақстанды аралап еліміздің туристік әлеуетімен танысуда.

Соңғы жылдары Қазақстанда халықаралық туризм нығайып келеді, елге келетін шетелдік туристер ағыны ұлғаюда. Туристер арасында табиғи сұлулық қана емес, сонымен қатар қызықты сәулеті, жасыл саябақтары мен қызықты іс-шаралары бар жас астана да танымал. Елордадағы туризмнің басым түрлері ретінде іс-шара, қалалық, іскерлік туризмдерді атауға болады. Нұр-Сұлтанның ауа-райы мен жыл мезгіліне қарамастан, әртүрлі жастағы адамдарға, ересектер мен балаларға ұсынары бар екенін атап өтуге болады. Іс-шара туризмі жаңа саяхатшыларды тартудың ұтымды жолы болмақ.

 

«Дархан дала» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.