Ұлттық парктер Қазақстандағы экотуризмнің негізгі бағыты | Дархан дала
Ұлттық парктер Қазақстандағы экотуризмнің негізгі бағыты болып табылады және оған туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ерекше көңіл бөлінген.
Біздің үлкен елімізде жалпы ауданы 27 000 шаршы шақырымнан асатын 14 ұлттық саябақ бар. Ұлттық саябақтардағы туристер санының артып келе жатқаны ашық дереккөздерден белгілі – соңғы бір жылда оларға бір жарым миллион адам келген. Бүгінгі таңда Қазақстанның ұлттық саябақтарында жабдықталған жаяу жүргіншілер жолдары, кемпингтер, заманауи санитарлық кабиналар және басқа да инфрақұрылымдар өте қажет.
«Дархан дала» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.