Үй шаруасына көмектесетін гуманоид-робот
Норвегиялық стартап адам тәрізді құлтемір жасап шықты. NEO деп аталатын робот күнделікті өмірде үй шаруаларына көмекші ретінде пайдалануға арналған. Жасанды интеллектпен жабдықталған құрылғы қарапайым тапсырмаларды орындай алады: кір жуады. Үй жинап, ас әзірлейді. Компания басшысының айтуынша, NEO қарттар мен мүгедек жандарға да таптырмас серік бола алады. Сыртқы келбеті адамға өте ұқсас. Бойы 165 сантиметр, ал қуатты процессорының арқасында қозғалысы ширақ әрі дыбыссыз. Салмағы небәрі 30 келі болғанымен, құлтемір 20 килограмм жүктi көтере алады. Қосымша қуаттандырусыз робот төрт сағатқа дейін жұмыс істей алады. Тағы бір ерекшелігі – оны әлемнің кез келген нүктесінен басқаруға болады. Қазіргі уақытта робот бірнеше отбасының үйінде соңғы сынақтан өтіп жатыр.